Сценарий » Жамбыл аудандық мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Мыңбаев ауылындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72770) 64-2-83
Есепші бөлімі:
+7(72770) 64-2-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
март
2020

Сценарий


«Аяулы, асыл жандар!» атты 8 наурыз мерекесіне арналған сценарий

 

Аяулы да қымбатты аналар мен аруларымыздың мерекесі 8-наурызда мектеп  ұстаздарына арналған «Аяулы, асыл жандар!»атты кештің сценариі.

Күні : 6.03.2020 ж

Өткізілу орны: Мәжіліс  залы.

Мерекелік кештің басты мақсаты: Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау. Оқушылардың оларға деген ізгі ниеттерін көрсету.

Кештің көрнекілігі: зал гүлдермен безендіріледі,  суреттер, шар,  үнтаспа т.б

Кештің барысы: Қонақтарды кешке шақыру, оларды қарсы алу, тілек білдіру, өнер көрсету, құттықтау сөздер, қорытынды сөз, жалпы қорытынды жасау. Асылбек Еңсеповтың «Детство» күйі қосылып тұрады.

Хамит (сахнаның арғы жағынан айтады)

Анасыздар, әр үйге панасыздар,

 Бала десе от болып жанасыздар.

Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,

Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.

Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар

Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.

Маздататын, жүректе от лаулататын,

 

Азамат ( за ширмай)

Әр үйдің Күні десе,- лайықсыздар.

Өр десек те сіздерді, — лайықсыздар.

 Төр десек те сіздерді, — лайықсыздар.

Ер десек те сіздерді, — лайықсыздар.

Зор десек те сіздерді, — лайықсыздар.

 

Анасыздар, кең байтақ даласыздар.

Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.

 Көлеңке жоқ көңлінде, қылауы жоқ,

Үлбіреген жауқазын баласыздар.

 

Хамит:  Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,

Азамат: Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,

Хамит: Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,

Азамат: Сіздер — жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.

 

 Би жас мұғалімдер мен  балалары

 

Хамит:  Кеш жарық, қымбатты ұстаздар, аналар, арулар!

Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны- аналарға,әйелдер қауымына деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.

 Дима:Добрый день! Мы рады  приветствовать Вас в этот теплый весенний день в нашем уютном и красивом зале. Сегодня мы хотим поздравить с праздником весны наших учителей и всех женщин на свете. 8 марта – самый удивительный, самый нежный праздник весны.

Хамит: 

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай. (Сахнада Жасұланның орындауында ән!)
Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Аналардың мерекесін бастайық.
Көздеріңнен көрем шаттық арайын,
Өтсін солай әрбір күнің, әр айың, – дей келе құттықтау сөз кезегі мектеп директоры Ибраимова А.Ж беріледі.
Слова предоставляется директору нашей школы Ибраимовой Айман Жатыновне.

Дима:

8 Марта - день торжественный,

День радости и красоты,

На всей земле он дарит женщинам,

Свои улыбки и цветы!!!

8 марта – день особый
День радости и красоты.
И мы сегодня все готовы
Учителям дарить цветы
 

Хамит:

Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде, - дей отырып ортаға «Қарлығыш» би ансамбілін ортаға шақырамыз. Қарсыалыңыздар!
Хамит:

Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналардың,
Өнерлерін жолдайтын  баласы бар. 6 в  сынып оқушыларының  әдеби монтажы.

Дима:

В этот день 8 Марта

Мы хотим Вам все сказать,

Что такого педагога

Во всём мире не сыскать!

Мы Вас ценим, уважаем,

Благодарность выражаем

За заботу, за Ваш труд.

Вы для нас как лучший друг!-на сцене выступает для Вас Алиби с песней «МАМА»

 

Азамат:

Күн болмаса, кім ерітер мұздарды,

Ағашы жоқ таулар қандай ызғарлы.

Жігіттерге жақсы  сая болсын деп,

Әуелерден жаратыпты-ау қыздарды. Ортада 9 сынып оқушыларының көрінісі.

Асқар:

Құлақтан кіріп, бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй-демекші Абай атамыз Айсұлтан Раяна «Гүлмін» әнімен

 

Азамат: Қазақ музыкасының білгірі Ахмет Жұбанов домбыра туралы былай деген: "Кең даланы мекен еткен қазақ жұртының ең аяулы, қасиетті аспабы домбыра. Оның сымдай тартылған қос ішегінде сан ғасырдың қыл-ойы, көңіл- күйі жатыр." Қара домбыраны сермеп шертетін оқушыларымыздың орындауында «Ата Толғау»

Асқар: Сіздерге арнаған 3-ші сынып оқушыларының көрінісі бар екен, қошеметтеп ортаға шақырсақ.

Азамат:

Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту - арманым.
Барша ана, құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз. Ортада Хор

 

Асқар:Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Анасы жоқ балалар да аз емес. Олар ананың мейірімін, аялағанын ешқашан сезген емес. Ендеше, аналарымызды сыйлайық, аялайық құрметтейік!

Азамат:Осымен кешіміз өз сөңына келіп жетті! Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар!

              

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Мыңбаев ауылындағы орта мектеп» КММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Аяулы, асыл жандар!» атты 8 наурыз мерекесіне арналған сценарий

 

 

 

 

 

Дайындаған: Асилбекова Н.Т.

Шотаева Г.Ш.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                           2020 оқу жылы

 

 

Похожие публикации:

01 апрель 2019 Хаттама