семинар » Жамбыл аудандық мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Мыңбаев ауылындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72770) 64-2-83
Есепші бөлімі:
+7(72770) 64-2-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
февраль
2021

семинар

   Алматы облысы Жамбыл ауданы  Мыңбаев ауылындағы орта мектепте ақпан айының бесінші жұлдызында  «Функционалды сауаттылық - білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары» тақырыбындағы семинар өтті. Семинардың мақсаты: оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыру мақсатында оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану, іс тәжірибе алмасу болды. Семинар барысында  Турабаева Набат Илесбаевна оқушылардың математикалық сауаттылығын арттырудағы PISA тапсырмаларының тиімділігін сабақта колдану әдіс - тәсілін  көрсетсе Дүйсен Ұланай  онлайн ресурстарының тиімділігін Onlaine Test Pad  форматында тәжірибе жүзінде көрсетіп, семинар барысында   20-25 мұғалім сертификатталды. Бұл семинар тірек мектеп ретінде  серіктес мектептер арасындағы мұғалімдермен өзара тәжірибе алмасу болды. Сондай-ақ, семинарға қатысқан мұғалімдер кері байланыс беру барысында функционалдық сауаттылықты дамыту қазіргі таңдағы өзекті мәселе екеніне тоқталып құнды пікірлерін білдірді.