Хаттама » Жамбыл аудандық мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Мыңбаев ауылындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72770) 64-2-83
Есепші бөлімі:
+7(72770) 64-2-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
апрель
2019

Хаттама

[center]«Мыңбаев ауылындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен»коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қамкоршылық кеңесінің отырысының
№4 хаттамасы
Мыңбаев орта мектебі 28.02.19ж
Қатысқандар: 18 қамқоршылық кеңесінің мүшелері, мектеп директоры А.Ж. Ибраимова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Ж. Тарбаева.
Қатыспағаны: 1 себепті, жұмыста
Күн тәртібінде:
1Мектеп кітапханасының жағдайы (жауапты кітапханашы- Ұ.Жаутикбаева)
2 «Қамқорлық» қайырымдылық акциясының қорытындысы (жауапты әлеуметтік педагог- Н. Ибраимова)
3 Аз қамтылған оқушылардың бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылуы (жауапты әлеуметтік педагог- Н. Ибраимова)
Тыңдалды: Бірінші сұрақ бойынша мектеп кітапханашысы Ұ. Жаутикбаева өз сөзінде: мектеп кітапханасында 2018-2019 оқу жылында жалпы кітап қоры -40736 дана оның ішінде оқулықтар саны - 21573 дана, көркем кітап саны - 19163дана бар.
Оқырман саны – 950, кітапханаға келу саны – 12177, кітап беру саны - 18783. Мектеп кітапханасында ағымдығы құжаттар 01-97 ден 01-107 аралығында белгіленген. Осы құжаттар күнделікті толтырылып, жаңартылып отырылады. Кітапхананың жылдық жоспары, кітапхана күнделігі, жылдық есеп беруі, қордың қозғалысы, кітап қорынан кітаптарды есептен шығару, оқырман формуляр карточкалары, оқырмандарды тіркеу журналдары, өткізілетін іс-шаралар хаттамалары, айлық жоспары т.б. жылдық жоспардағы көрсетілген іс-шаралар өз уақытында өткізіледі, хаттамалары толтырылған. Олардың сақталу мерзімі көрсетілген.
Кітапхананың жылдық жоспарына сараптама жасалып, жылма –жыл өзгеріс енгізіледі.
Жаңа оқу жылында «жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша 2,3, 5, 7,8 сыныптарға аудандық оқу бөлімінен сұраныс беру арқылы - 8782 дана оқулық алынып таратылған. Осы сыныптар 100% қамтылды. Таратылған оқулықтардың дұрыс сақталуын қадағалау мақсатында оқулық тексерісі ай сайын жүргізіледі, арнайы журналға баға қою арқылы бағаланған. 1-4 сыныптарда ескерту жасалмаған, 5-10 сыныптарда ескерту жасалған балалардың аты –жөні көрсетілген. Сынып жетекшілермен жұмыс жұргізіледі, 1-4 сынып, 5-11сынып оқушылырын оқулықты дұрыс сақтау туралы мониторингі жасалған. Оқулық тексерісі кезінде үнемі ескерту алатын оқушылыр: Шаймардан Мақсат 5 «б» сын, Серікбай Ақерке 5 «ә» , Мейірхан Дулат 5 «ә» Крутова Мария 5 «в» Байбакова Оля-7в, Кәдраш Айбол -9 «а».
Кітап көрмелері үнемі жаңартылып отырылады. «Әлем таныған Қазақстан» , « Елбасының Болашаққа бағдар –рухани жаңғыру бағдарламасы бойынша «Туған жер», «Латын әліпбиі-келешектің кілті «Парасатты азамат» тақырыптары бойынша тұрақты көрмелерді ұйымдастырған.

Сөйледі: Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Г.Қ. Рамазанова өз сөзінде: Жылдан жылға оқушылар саны мектепте көбейіп жатыр келесі оқу жылына оқулықтар жеткілі ме? Оқушылармен ата-аналар киналмай ма?
Сөйледі: кітапханашы: Келесі оқу жылына оқулықтар жеткілі, аудандық білім бөліміне сұраныс берілді.


Тыңдалды: Мектептің әлеуметтік педагогы Н. Ибраимова өз сөзінде: Білім бөлімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ағымдағы жылдың 10 қаңтарындағы № 6-15-3/и(173) хатына сәйкес 2019 жылғы 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында «Қамқорлық» дәстүрлі республикалық акциясы өткізілді.
Акцияның мақсаты: әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы балаларына және басқа санаттағы балаларға қайырымдылық жасау жұмыстары ұйымдастырылып өткізілді.
Мектебімізде «Қамқорлық» акциясын өткізу туралы бұйрық шығарылып, жоспар құрылды, акцияны ұйымдастыру комитетінің құрамы бекітілді. Әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы балаларына және басқа санаттағы балаларға қайырымдылық жасау.
Аталған іс-шараға Мыңбаев ауылындағы орта мектеп ұжымы және ата-аналар түгелдей атсалысып, әлеуметтік жағдайы төмен, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсетіп, жан жүректерінің жылуымен бөлісті.
Аз қамтылған, көп балалы отбасы балаларына спорт киімдерін, қыстық куртка, полувер, жеңіл күртешелер берілді. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына бюджеттен тыс 262000 теңге сомасында көмек берілді. Олардың тізімі жасалған, бар.
Сынып өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі А.Алашбаеваның ұйымдастыруымен 4 а, 4ә, 4 б сынып оқушылар арасында «Жақсылық жасауға асығайық» атты сынып сағаты өткізілді, және 4 в сынып оқушыларына А.Аблязова «Твори добро» тақырыбында сынып сағатын өткізді. 5-11 сыныптар арасында «Жақсылық жасауға» асығайық атты сурет салу сайысы жүргізілді.
1 сынып пен 8 сыныптар аралығына киім-кешек, мектеп оқу- құралдарымен, азық-түлікпен көмектер көрсетілді.

Сөйледі: Қамқоршылық кеңесінің төрағасы
Б.Ж. Оспанова: «Қамқорлық» акцияны өткізгенде қандай қиыншылықтар тұды?
Н. Ибраимова : Қиыншылықтар жоқ емес болды, ол демеуші іздеу, балалар қөмекті алуға қиналады, ұй алады.

Тыңдалды: : Мектептің әлеуметтік педагогы Н. Ибраимова өз сөзінде: 2018 о.ж. жалпы оқу қорынан 26 оқушы ыстық тамақпен қамтылған, 2019ж. қаңтар айынан 32 оқушы асханадан тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. 32 баланың ішінде 6-ты оқушы аз қамтылған отбасынан, қалғаны жетім, көпбалалы толық емес отбасынан шыққан оқушылар. Бастауыш сыныптан -21 оқушы , жоғары сыныптан -11 оқушы. Әр бала күніне -300 теңгеге тамақтанады. Мысалы наурыз айында балалар 124800 теңгеге бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылды.
Арендатор Г. Назарбаева есебінен 6 оқушы бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылған.
Шешімі:
1. Кітапханашылар сыныптан тыс іс-шараларды (оқырмандар конференция, жазушылармен кездесу т.б.) көбірек жүргізсін
2. Кітапханашылар оқулықтарды тексеріп, нәтижесін оқушылардың алдында саптүзеуде, әр сынып бойынша мониторинг шығарсын.
3. «Қамқорлық» дәстүрлі республикалық акциясы жақсы нәтиже көрсетті, әлі жұмыс тоқталмай қалған балаларды қамту керек.
4 Балалардың уақытылы толық кесте бойынша ыстық тамақпен, тамақтануын қадағалау

«Қамқоршылық кеңесінің » төрағасы: Б.Ж. Оспанова
«Қамқоршылық кеңесінің » мүшелері: Д.Б. Баяманов
Б.И. Мусабаев
Г.К. Рамазанова
Н. Салимбаева
З. Сыйхымбаева
А.Т. Альпиева
М. Құдас
И. Нұғманова
А. Абеуова
А. Муқажанова
Қ. Кенженбаева
А.Дауырбаева
З. Тутадзе
Д. Кожабергенова
А. Жумагулова
Т.Додух
Ж. Шаймерденова
Г. Еңсебаева

Хатшы: С.Ж. Тарбаева
[/center]
Теги:
хаттама