Мектеп ұжымы » Жамбыл аудандық мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Мыңбаев ауылындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72770) 64-2-83
Есепші бөлімі:
+7(72770) 64-2-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
декабрь
2016

Мектеп ұжымы

Өмірбаян.

         Мен, Есбаева Айнур Жолсейтовна  

Алматы облысы,   Жамбыл  ауданы,  Ұзынағаш  ауылында  

1967жылғы 15шілдеде дүниеге келдім. Ұлтым-қазақ .   

        1984жылы Ұзынағаш ауылындағы Н.Крупская атындағы /қазіргі Т.Рысқұлов/ орта мектепті аяқтадым. Білімім-жоғары, 1985жылы Алматы қаласындағы Қазақтың С.М.Киров атындағы мемлекеттік  университетінің тарихшы, тарих және қоғам тану пәндерінің оқытушысы  мамандығы бойынша  оқуға түсіп, 1991жылы аяқтап шықтым. 

        Ең алғашқы еңбек жолымды 1985жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы Жамбыл селосындағы Жамбыл  атындағы жылқы заводының   №2 бөлімінде жұмысшы болып бастадым. 1985-1987жж-Жамбыл ауданындағы Көкөзек ауылындағы Бірлік сегіз жылдық мектебінде ұзартылған күн тобының тәрбиешісі; 1987-1993 жж Фабричный поселкесіндегі «Асем» балабақшасында тәрбиеші, Ұзынағаш селолық советінің  №7 АТП балабақшасының тәрбиешісі болып жұмыс атқардым. 

         1993-2000жж  Ұзынағаш селосындағы Абай атындағы орта мектепте, Т.Рысқұлов атындағы орта   мектепте қазақ тілі мұғалімі,   бастауыш сынып,                                            тарих және қоғам тану пәндерінің мұғалімі болып жұмыс істедім.  2002ж қыркүйек айынан педагог-ұйымдастырушы; .2003ж желтоқсан -2007ж қаңтар айлары –мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары лауазымында жұмыс атқардым. 

        2007 ақпан айы-2010ж қараша айы- Алматы облысы, Жамбыл ауданы әкімдігінің , Жамбыл  аудандық    ішкі саясат бөлімінің инспекторы, жетекші маманы, бөлімінің бас маманы; 2010ж қараша- 2011желтоқсан- Жамбыл аудандық    мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы; 2012ж қаңтар-2013ж шілде- Жамбыл аудандық ішкі  саясат бөлімінің бас маманы мемлекеттік қызметінде жұмыс атқардым. 2013ж тамыз-2015ж шілде- Жамбыл аудандық білім бөлімінің «Сұңқар орта мектебі МДШО» КММ-сі  мектеп директоры лауазымын атқардым. 

           2015ж қыркүйек-2016ж тамыз- Алматы облысы білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған  үш тілде оқытатын мамандандырылған №2 арнаулы гимназиясы» КММ-сінің гимназия директорының                                               тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;  2016ж қыркүйектен-  Жамбыл аудандық білім бөлімінің  «Еңбекшіарал» орта мектебі» КММ-сі, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары; 2016ж қазан айы-2021ж желтоқсан айына дейін  Ұзынағаш ауылындағы  «Сейдахмет Бердіқұлов атындағы орта мектебі» КММ-сі мектеп директорының әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, тарих пәнінің мұғалімі бойынша жұмыс атқардым.        

           2021жылдың желтоқсан айынан бастап осы уақытқа дейін   «Алматы облысы білім басқармасының  Жамбыл ауданы бойынша  білім бөлімі » Мемлекеттік мекемесінің «Мыңбаев ауылындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мектеп директоры қызметін атқарудамын. 

         Өз білімін жетілдіру мақсатында біліктілікті арттыру курстарынан өтіп отырамын: «Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы» бойынша курсты аяқтап, сертификат пен куәлік алдым, «Педагогикалық шеберлік орталығының» Алматы қаласының филиалы, 2017жыл; «ӨРЛЕУ» БАҰО АҚф «Білім берудегі жаңа философиялық тұжырымдамалық ойлар негізінде мектептегі педагогикалық жүйені басқару»,2017ж, «Білім берудегі менеджмент». 2021жылы оқыдым.    

Республикалық, облыстық, аудандық кәсіби байқауларға қатысып, нәтижелі көрсеткіштерге жетудемін. 2014жылы Алматы облыстық «Мерейлі отбасы» байқауына қатысып, Алматы облысы Әкімінің Дипломымен және сыйлығымен марапатталдым. 2019жылы Алматы облыстық «Ұстаздар әулеті»  байқауына қатысып, «Үлгілі ұстаздар әулеті» номинациясымен Алматы облыстық білім басқармасының дипломымен және сыйлығымен марапатталдым. 2019жылы Алматы облысы  Әкімінің   «Үлгілі отбасы» бпйқауына   Иманкожаевтар отбасынан қатысып, Талдықорған қаласында Алматы облысы Әкімінің кездесуінде болып, сыйлықпен марапатталдым. 2020 жылы аудандық  «Үлгілі отбасы»  байқауына онлайн қатысып, Жамбыл аудандық әкімдігінің Дипломымен және теледидарымен марапатталдым. 2017жылы Тәуелсіздік күніне орай Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор жеке үлесі үшін» Құрмет грамотасымен, 2014жылы Алматы облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен, 2019жылы Алматы облыстық білім сапасын қадағалау департаментінің Алғыс хатымен, Жамбыл ауданы Әкімінің Құрмет грамоталарымен (2008,2009,2019жж) марапатталдым. 2022жылы «Халықаралық Экология, Инженерия және Педагогика Ғылымдар Академиясы» қоғамдық қорының «Мегаполис-2022» тақырыбындағы ІІ Республикалық (халықаралық қатысуымен) жобалар байқауына қатысушыларды дайындағаны үшін  Алғыс хат иелендім.

Мектептің оқу-әдістемелік бағытта аудандық, облыстық конференция, семинарларында өз тәжірибемді тараттым. Мақалалары мен баяндамалары аудандық, облыстық  газеттер мен журналдарда, жинақтарда жарияланды.  

         Отбасы жағдайым: тұрмыстамын, 4балам бар. 

Похожие публикации:

01 апрель 2019 Хаттама