БАвторлық бағдарлама «Сандар логикасы» » Жамбыл аудандық мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Мыңбаев ауылындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72770) 64-2-83
Есепші бөлімі:
+7(72770) 64-2-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » БАвторлық бағдарлама «Сандар логикасы»
12
январь
2021

БАвторлық бағдарлама «Сандар логикасы»

Математика пәні бойынша «Сандар логикасы» курсының бағдарламасы

 

 

Түсінік хат

 

Қазіргі кезеңде ғылым мен техниканың даму қарқыны әрбір оқушыға орта мектепте оқытылатын негізгі пәндерді сапалы оқытумен қатар олардыңосы бастан өмірде кездесетін ситуациялық есептерді шеше білуге, сыни тұрғыдан ойлау арқылы шығармашылық ізденіске дағдыландыруды талап етеді. Осыған байланысты орта білім беруде ұйымдастыру принциптерін және ондағы оқушының ролін білім, білік және дағдыны баяу меңгерушісінен білім беру ісінің белсенді субьектісіне өзгерту жоспарланған. Оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуына, ой еңбегімен айналысып, ми жұмысының қызметін жетілдіруде математика пәні мен оныңбөлім, бөлімше тақырыптарының мән-мазмұнын түсініп, алған білімін өмірде қолдана білуге үйрету математика пәні мұғалімінің басты міндеті болып табылады. Ал математиканы бағдарламасының басым бөлігі есеп, жаттығу, әртүрлі деңгейдегі қолданбалы бағыттағы тапсырмалардан тұрады және есеп-жаттығулардың мән мазмұнын түсініп, шығару алгоритімін көз алдарына елестетіп, математикалық моделін құру және оны шешу, шығару оқушыларға қиындық туғызады. Мұғалім де осы мақсатқа қол жеткізу үшін көп уақытын жұмсайды.

Математиканың негізі сандар теориясында жатқандығы белгілі. Оқушылар дер кезінде сандар теориясына қатысты ақпараттарды жете түсініп, оған қатысты есеп-жаттығуларды орындай алса, ары қарай математиканы тереңірек түсініп, күрделі тақырыптарды да оңай игеруіне жол ашылады. Бірақ математиканы оқытуда оны құрғақ, оқушыларға тартымсыз сипатта емес керісінше математикаға қызығушылықтарын арттыруға және шығармашылық іс-әрекеті мен іздемпаздық дағдыларын қалыптастыру,сыни тұрғыдан ойлау қаблеттерін жетілдіру мақсатында әртүрлі мазмұндағы, тұрпаттағы логикалық тапсырмаларды сабақтастыра, тақырыптармен байланыстыраоқып-үйретілуі керек.

Логикалық ойлау дегеніміз, ең бастысы, тұжырым жасау, дәлелдеу, фактілер, аргументтер таңдау және шешілу жолын нақтылау. Логикалық ойлау – яғни дәл ойлау және өз тұжырымдарына қарама-қайшылықтарды анықтау,түйінді мәселені айқындай алу, логикалық қателіктерді табу. Логикалық есептер тек қана логиканы ғана дамытпайды, сондай-ақ математикалық және алгоритмдік ойлауды дамытады

Логиканың қиын,күрделітапсырмаларын назардан тыс қалдырмайкерісінше математикалық үйірме сабақтарында, факультативтік сабақтарда арнайы курс ретінде оқып- үйреткен орынды .Математиканың сан қилы бағыттарын, өмірдегі қолданысының мән-мазмұнын ашып көрсететуде логикалық есеп-жаттығулар оның ішінде сандық логика математиканы оқыту процессін жетілдіруде маңызды роль атқарады. Алайда орта мектеп бағдарламасында логикаға қатыстытапсырмалар ішінара кіріктірілгенімен олар жүйелі түрде ерекше обьект ретінде қарастырылмаған.Бұл мәселені шешуде логикалық есеп-жаттығуларды мазмұны бойынша зерттеу олардың жалпы қасиеттерін айқындау, және оларды жүйелеу олардың қиындық дәрежесін анықтайтын әдіс-тәсілдерді анықтау, жинақтау, тиімділігін саралау мақсатында «Сандық логика» курсы бағдарламмасы әзірленілді. Бағдарламма мақсаты – математикадан міндетті оқу бағдарламасына кірмейтін, бірақ халықарлық PIZA TIMSS зеттеулері мен Республикалық Мемлекеттік аралық бақылау сынақтарында жиі кездесетін есеп-жаттығулар мен тапсырмаларды шешу әдіс-тәсілдерін оқ-үйрету.. Курс мазмұнына логикалық есеп-жаттығулардың сандар теориясына қатысты бөлімі бойынша тапсырмалар кіргізілген. Тапсырмалар қарапайым ойша есептейтін логикалық есептерденбастап әртүрлі тұрпаттағы, мазмұндағы, қиындық деңгейдегі есептер және оқушылардың жас ерекшеліктері мен қаблеттерін ескере отырып тақырыптарға топтастырылған

Білімділік мақсаты :

Оқушылардың математикалық сауатылығын тереңдету, логикалық ойлау қаблеттерін қалыптастыру, ақыл-ойынкеңейту .

·Дамытушылық мақсаты :

Логикалық есептерді шешу тәсілдерін оқып-үйренуарқылы анализ, синтез жасау, жалпылауын дамыту, жүйелі ойлауға, ой қорытуға, қортынды жасауға дағдыландыру .

·Тәрбиелік мақсаты :

Математикаға қызығушылығын ояту, танымын кеңейту, ой-өрісін дамыту, сабақ барысында табандылыққа, нақтылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу .

 

Курс міндеттері :

1.Қарапайым сандық логикалық есеп- жаттығулардан бастап әртүрлі қиындық, күрделілік деңгейдегі тапсырмалар түрлерімен таныстыру.

2.Салыстыру, заңдылықты анықтау, көз алдына елестету, сұрыптау, саралау, ой қорыту, тұжырымдама жасау т.с.с. дағдыларды жетілдіру.

3.Әртүрлі логикалық есептерді шешу жолдары мен тәсілдерін меңгерту. 4.Нақты жағдайлардың моделін жасау .

5.Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, ой еңбегімен жұмыс жасауға дағдыландыру, пәнге қызығушылығын арттыру.

6.Оқушыларды халықаралық, Республикалық бақылау сынақтары тапсырмалар үлгілерімен таныстыру .

7.Математиканың өмірмен байланысын ашып көрсету оқу материалдарымен байланыстыра отырып оқушылардың біліктіліктерін арттыру

8.Өздіктерінен логикалық есеп-жаттығуларды шеше білуге баулу.

 

Талаптар.

Математика бөлімдері бойынша тереңірек білім беру арқылы оқушылардың математикалық, логикалық және сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын жетілдіру.

 

Күтілетін нәтиже :

·«Сандық логика» есеп - жаттығуларының мән-мазмұнын түсіну, түрлерін, тұрпаттарын ажырата алу .

·Стандартты және стандартты емес логикалық есептерді шешудің негізгі тәсілдерін игеру .

·Математиканың өмірмен байланысын анықтай алу және ситуациялық жағдаяттарданшығу жолын жүйелей білу.

·Стандартты емес есептерді шешуде зерттеу, салыстыру кейбір тапсырмалардың жекелеген әдістемелік ерекшеліктерін меңгеру.

·Берілген логикалық тапсырмаларды классификациялау жәнеқарапайым есептер құрастыру, өзін -өзі тексеру, өзін-өзі бағалау

·

Бағдарлама мазмұны

Күнтізбелік жоспар ( 34сағат , аптасына 1 рет )

Сабақ тақырыбы

Сағат саны

1

Кіріспе сабақ. Сандар теориясындағы логиканың ролі

1

1.1

Логикалық есеп-жаттығулар түрлері мен шығару тәсілдеріне әдістемелік шолу

1

1.2

Математикалық жұмбақтардағы сандық логика

1

2

Санамақ таяқшалары сіріңкелермен берілген логикалық есеп-жаттығулар.

1

2.1

Бір таяқшаның орнын алмастыру арқылы теңдік алу

1

2.2

Бірнеше таяқшаның орындарын алмастыру арқылы бір жазық фигуралардан екінші бір фигура алу

1

2.3

Сіріңкелермен көрсетілетін фокустар

1

2.4

Сіріңкелермен берілген ойын тапсырмалары

1

3

Сандық ребустар

1

3.1

Сандық тізбектегі қатардағы заңдылықты анықтау

1

3.2

Әртүрлі әріптер, фигуралар мен кескіндер цифрлармен тәуелділігін анықтау.

1

3.3

Тізбектей берілген көпбұрыштардағы орналастырылған сандар өзара тәуелділігін анықтау.

1

3.4

Тақырыпқа қатысты құрама есеп-жаттығулар.

1

4

Сыйқырлы жазық фигуралар және санжұмбақтар

1

4.1

Сыйқырлы үшбұрыштар

1

4.2

Сыйқырлы шаршылар

1

4.3

Сыйқырлы жұлдызшалар.

1

4.5

Тақырыпқа қатысты құрама есеп-жаттығулар.

1

5

Мәтін есептердегі сандық логика

1

5.1

Пайызға қатысты мәтін есептердегі сандық логика

1

3.2

Қозғалысқа қатысты есептердегі сандық логика

1

5.3

Жұмысқа қатысты есептердегі сандық логика

1

5.4

Қаржылық есептердегі сандық логика

1

5.5

Планиметрия есептеріндегі сандық логика

1

5.6

Тақырыпқа қатысты құрама есеп-жаттығулар.

2

6

Сұрыптау, рейтингтік нұсқалардағы сандық логика есеп-жаттығулары

1

7

Олимпиадалық математикадағы сандық логика есежаттығулары

1

8

TIMSS халықаралық зерттеулеріндегі сандық логика тапсырмлары

1

9

PIZA халықаралық зерттеулеріндегі сандық логика тапсырмалары

1

10

Мемлекеттік аралық бақылау нұсқаларындағы сандық логика тапсырмалары.

1

11

Қайталау. Аралас сандық логика тапсырмалары

2

12

Сынақ

1

Барлығы

34

Қортынды.

Математиканы оқып-үйретуде міндеттітеориялық біліммен оның практикалық қолданысын жете түсінумен қатар, пәнаралық байланыс, пән ішілік сабақтастықты ескере отырып оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын жетілдіруде олардың ойлау қаблеттерін дамытуға бағытталған шығармашылық ізденісті, зерттеушілік қажет ететін логикалық тапсырмаларды орындаудың маңызы ерекше. Бұған логикалық есеп-жаттығулардың орындалу алгоритмін көз алдына елестету, математикалық моделін құру, заңдылықтарды анықтау, ой қорыту, тұжырымдама жасау, басқа да ситуациялық жағдайларды жүйелей алу, есеп құрастыру және есептерді шығара алудың бірнешеәдіс-тәсілдерінен тиімдісінтаңдай білу т.с.с. жатады.

Оқушыларға бұл бағдарламма бойынша оқып-үйрену нәтижесінде:

-Математика сабағындағы есеп-жаттығуларды орындауда өздігінен басқаша зерттеулер жасауына, басқа да ақпараттар ағынынаөздігінен талдау жасауға, өздіктерінен есептер құрастыруға үйренеді.

-Өмірде кездесетін, қолданбалы бағыттағы есептерді шешуде шығармашылықізденіс қажеттілігін сезініп, тиянақты ой еңбегімен айналысуға дағдыланады.

- жалпы алғанда оқушылардың математикалық білімінің деңгейін көтеріп, функционалдық сауаттылықтарын арттыруға септігін тигізеді

 

Қолданылған әдебиеттер :

1. Е.М.Базаров . Математика . Алматы , 2013 ж.

2. Е.И.Москатова . Развитие логического мышления .Алматы , 2013 г.

3. Г.Штейнгауз . Сто задач . Москва ,1982 г.

4.Қ.И.Қаңлыбаев және басқалар. Стандартты емес тест тапсырмалары. Алматы,2012ж.

5. Е.В.Галкин. Нестандартные задачи по математике . Челябинск «Взгляд», 2004 г.

6.Рамазан Баяр, Логикалық сұрақтар.Алматы.Шың.2012ж.

7.Тердікбай Күшәй Олимпиадалық математика және ой дамыту. Астана. Дарын 2014ж.

8. А.Е.Әбілқасымова , К.Д.Шойынбеков , В.Е.Корчевский , З.А.Жұмағұлова . Алгебра және анализ бастамалары . Алматы «Мектеп», 2010 ж.

9. TIMSS халықаралық зерттеулері Алматы 2013ж

10.PIZAхалықаралық зерттеулері Алматы,2013ж.

11Математика. ҰБТ тапсырмалар жинақтары Астана, 2010-2018жж.

12.А.В.Фарков Математические кружки в школе 5-8кл.Москва 2006ж.

13А.В.Фарков Математические олимпиады5-6кл. Москва ,2006ж.

14.Матемтика оқулықтары мен дидактикалық материалдар жинақтарыАлматы.Атамұра 201062018жж.

 

Сабақтарға қосымша

Тақырыптар бойынша есеп-жаттығу,тапсырмалар үлгілері.

1.1.Логикалық есеп-жаттығулар түрлері мен шығару тәсілдерінеәдістемелік шолу

1.Біреуі алда, екеуі артында біреуі артында, екеуі алдында, біреуі екеуінің ортасында және үшеуі бір қатарда үйректер ұшып барады. Барлығы қанша үйрек ұшып барады?

2.Турист дүйсенбі күні тал түсте (полдень) жолға шықты. Оның қыдыру кестесі 100 сағатқа есептелінген. Ол қай күні қандай уақытта қайтып келеді?

3.Көбейтіндісі мен қосындылары өзара теңболатын үш натурал санды табыңыз.

4.16 санын төрт 5 цифрының көмегімен, олардың арасына арифметикалық амалдар қою арқылы жазыңыз.

5.Сегіз лақ пен тоғыз қазды, әрбір қорада лақта қазда және олардың аяқтарының саны 10 болатындай етіп бес қораға орналастырыңыз.

6.15 саның оң және сол жағына бір бір цифрдан тіркеп жазыңыз. Алынған сан 15-ке бөлінетіндей.

7.123456789...585960 санынан 100 цифрды өшіріп, ең үлкен санды алыңыз.

8.Сағат бетін кесінділердің көлемімен, әрбір бөліктегі сандардың қосындысы өзара тең болатындай етіп үшке бөліңіз.

9.Бір үйдің төрт ер баласының әрқайсысы бір әпкелі болса, бұл үйде неше бала бар?

10. Қайратта 9 парақ қағаз бар еді. Ол парақтардың кейбіреуін үш бөліккебөлгеннен кейін, онда барлығы 21 бөлік шыққан болса , онда ол неше парақты бөлген?

 

Сандық ребустар , басқатырғыштар, жұмбақтар.

Сыйқырлы жазық фигуралар

 

1. амалы кез-келген a пен bүшін орындалады.

Төмендегі ұйғарымдардың қайсылары дұрыс

 

Ұйғарым

1

=3

2

=

3

4

2. Сандар белгілі бір заңдылықпен берілген. Бесінші санды табыңыз:

22; 202; 2002; . . .

3.Сандар белгілі бір заңдылық бойынша орналасқан.

Сұрақ белгісінің орнындағы санды табыңыз.

3

2

15

4

6

30

5

9

?

 

4. А – 1 = В + 2 = С – 3 = Д + 4 = Е – 5 шарты орындалатын

болса А, В, С, Д, Е сандарын cалыстырыңыз.

5. Сұрақ белгісінің орнындағы санды табыңыз.

6. Кестедегі әр көлденең қатардағы сандар белгілі бір амалдар арқылы шығарылған. Сол амалдарды анықта.

 

81

9

8

17

64

8

9

17

36

6

11

17

20

5

9

13

 

7. 3х3 кестесінің барлық баған және қатар жолдарында 4,2,3 цифрларының әрқайсысы бір рет қана жазылса, А+В нешеге тең болатынын анықтаңыз.

4

 

 

 

2

А

 

В

 

 

8. Төменгі өрнектен х-тің мәнін табыңыз.

 

9. Cұрақ белгісінің орнына қандай сан қоюға болады?

 

6

 

10

 

14

12

 

?

 

22

19

 

25

 

31

 

 

10. Фигураларсандармен белгіленген болса, онда

♥+▲=8

♥+■=9

■+▲= 7

■–▲=?

11. Сұрақ белгісінің орнына қандай cан жазылуы керек?

1(27)2

2(?)3

А) 54В) 80С) 101D) 110E) 125

12. Сұрақ белгісінің орнына қандай сан сәйкес келетінін анықтаңыз:

 

13. Сұрақ белгісінің орнына қандай сан қойылу керек

 

14. Сұрақ белгісін қандай санмен алмастыру керек?

 

15. Фигуралар сандармен белгіленген болса, онда төмендегі суретке қай жауап сәйкес келеді.

A) 457 445 754 B) 745755 547C) 475457754

D) 547 574 754E) 547574745

 

16.

Квадраттың торларына бүтін сандар әр жолдағы, әр бағандағы және әр диагоналдағы сандардың қосындысы бірдей болатындай етіп жазылған. Кейбір сандар өшіріліп тасталды. Крестпен белгіленген торда қандай сан жазылған еді?

 

x

 

 

 

20

4

16

 

32

17. Сандар белгілі бір заңдылықпен орналасқан болатындай етіп, сұрақ белгісінің орнындағы санды табыңыз.

18. Сұрақ белгісінің орнына қандай сан қою керек?

19.Сандар белгілі бір заңдылықпен орналасқан болатындай етіп, сұрақ

белгісінің орнындағы санды табыңыз.

 

20. Сандар белгілі бір заңдылықпен орналасқан болатындай етіп, сұрақ белгісінің орнындағы санды табыңыз.

21. Суреттегі сандар белгілі бір арифметикалық амалдар нәтижесінде алынған. Сол амалды ары қарай орындап белгісіз санды табыңыз.

A) 261

B) 273

C) 285

D) 290

E) 296

 

 

22. Суреттегі сандар белгілі бір арифметикалық амалдар нәтижесінде алынған. Сұрақ белгіcін қандай санмен ауыстыру керек?

А) 20

В) 21

С) 24

D) 32

E) 36

23. Бос торда қандай сан болуы керек?

24. Төменде жетіспейтін санды табыңыз.

А) 25

В) 27

С) 43

D) 33

Е) 36

 

 

25. Жетіспейтін сандарды табыңыз.

 

 

 

 

 

९ΰ

 

26.

 

27.

28.

29.

30. Cұрақ белгісінің орнына келетін санды табыңыз.

Овал: 8
Овал: ? Овал: 8

 

 

 


4 46 7 2 3

 

 

4 6 5 9 7 2

 

31. Берілген шартқа байланысты сұрақ белгісінің орнына сәйкес келетін санды табыңыз.

32. Сұрақ белгісінің орнында қандай сан болуы керек?

33. амалы кез-келген үшін орындалады. Егер болса, төмендегі амалды анықта.

34. Артық фигураны көрсетіңіз.

 

1 2 3 4 5

 

 

 

Пайызға қатысты тапсырмалар

1. 40 санының 40% және пайда болған санның 40%-ын анықтаңыз.

2. Қанттың бағасы 20% -ға төмендеді. Енді 100 тенгеге бұрынғыға қарағандақантты неше пайызға көп сатып алуға болатынын анықтаңыз.

3.1. Құрамындағы никельдің мөлшері 5% және 40% болатын болаттың екі түрлі сорты бар. Құрамындағы никельдің мөлшері 30% болатын 140 т болат алу үшін екі сорттың әрқайсысының неше тоннадан алу керек?

4.2. Бір ерітіндіде 30% (көлемі бойынша) азот қышқылы, ал екіншісінде 55% азот қышқылы бар. 50%-тік 100 литр азот қышқылының ерітіндісін алу үшін, бірінші және екінші ерітінділерден қаншадан алуымыз керек?

5.3. 50%-тік қышқыл ерітіндісін алу үшін 30 г 15%-тік қышқыл ерітіндісіне 75%-тік сол қышқыл ерітіндісін қосу керек. Қосатын 75%-тік қышқыл ерітіндісінің мөлшерін табыңыз.

6Құлпынайдың 6%-і қант. 35 кг құлпынайда неше килограмм қант бар?

7Картоптың 18%-і крахмал. 25 кг картопта неше килограмм крахмал бар?

8Шиеден қайнатылған тосаптың 40%-і шие, қалғаны қант. 8 кг шие тосабының неше килограмы қант?

9Теңіз суының 95%-і ғана таза су, қалғаны тұз. 6 т теңіз суында неше тұз бар?

10 Сыныпта 30 оқушы бар. Математикадан бақылау жұмысын сынып оқушыларының 20%-і "5"-ке жазды, 50%-і "4"-ке жазды. Сыныптың неше оқушысы бақылау жұмысын "4"-пен "5"-ке жазды?

11 Бұйымның бағасы 12%-ке қымбаттады. Егер осы бұйымның алғашқы бағасы:

12 2000 теңге; 2)5000 теңге; 3) 8000 теңге теңге болса, оның қымбаттаған бағасы неше теңге?

13. Отбасының банкке салған ақшасының 6% -тік өсімі 4200 теңге құраса, банкке қанша ақша салған және өсімімен қанша ақша болады?

14Аяқ киім дүкенінің тапсырмалары.Отбасында 70000 теңге болған,оның 25%-ті балаларға аяқ киім сатып алуға жұмсалды. Қанша ақшасы қалды?

15 Телефонның алғашқы бағасы 20000 теңге. Отбасының екі рет жолы болды:. Егер осы тапсырманы дұрыс орындасаңдар ата-аналарың сендерге ұялы телефон алып береді
Жеңілдік бағасы. Сонда 2 рет жеңілдік бағамен телефонды қаншаға сатып алды?
Жексенбі күнгі:5 % -дықжеңілдік
Наурыздағы:10 %-дықжеңілдік
Ұялы телефон дүкенінің тапсырмасы

16Енді отбасыларыңда қанша ақшасы қалды?

17 Азық-түлік дүкенінің тапсырмасы.
Содан кейін, сендер азық-түлік бөліміне барып, қалған ақшаларының 75% -ын жұмсады. Азық-түлікке қанша теңге жаратты. Қанша ақшасы қалды?

18 Банктің тапсырмасы:
Ата-анаң қалған ақшасына 1990 теңге қосып, жылдық өсімі 15 %-тік өсіммен банкке салды. Екі жылдан кейін шотта қанша теңге болады?

19 Шебер 295 бөлшек дайындап, жоспарды 18% -ке артық орындады. Шебер неше бөлшек дайындауды жоспарлаған еді?

20Автотуристер бірінші күні барлық жолдың 36 %- ын, екінші күні 39% -ын, үшінші күні қалған 180 км жолды жүрді. Автотуристербарлығынеше километр жолжүрді?

Жолға байланысты мәселе есептер.

1. Моторлы қайық су ағысының бойымен 105 км. жүргенде, осы жолды ағысқа қарсы жүзгендегіден 2 сағат жылдам жүзді. Маторлы қайықтың тынық судағы жылдамдығы 18 км/сағ болса, су ағысының жылдамдығын табыңыз.

2. Маторлы қайық су ағысының бойымен 28 км.ағысқа қарсы 25 км жүзгенде тынық суда 54 км жүзгендегідей уақыт жұмсады. Егер ағыстың жылдамдығы 2 км/сағ болса, моторлы қайықтың тынық судағы жылдамдығын табыңыз.

3. Ағынсыз судағы жылдамдығы 20 км/сағ-қа тең қатер ағысқа қарсы 36 км. сағат және өзен ағысының бойымен 22 км. жол жүрген. Ол осы жолдың барлығына 3 сағат уақыт жіберген. Өзен ағысының жылдамдығын табыңыз.

4. Өзен бойындағы екі пристаньның