Мәңгілік Ел идеясы- білім мен тәрбиенің басты құралы » Жамбыл аудандық мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Мыңбаев ауылындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72770) 64-2-83
Есепші бөлімі:
+7(72770) 64-2-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мәңгілік Ел идеясы- білім мен тәрбиенің басты құралы
24
ноябрь
2020

Мәңгілік Ел идеясы- білім мен тәрбиенің басты құралы

Алматы облысы  Жамбыл ауданы  

«Мыңбаев ауылындағы орта мектеп» КММ

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,  педагог сарапшы, физика пәні мұғалімі Асылбекова Сандуғаш Советовна

 

Мәңгілік  Ел идеясы- білім  мен   тәрбиенің басты құралы.

 

Мақсаты:  Болашағымызға бағдар  ететін,  ұлтты ұйыстырып,  ұлттық  мақсаттарға жетелейтін  «Мәңгілік  Ел» идеясын  келешек ұрпақ бойына дарыту, білімі мен білігі сай, дарынды дара тұлғаларды қалыптастыру.

        Бүгінгі құбылмалы заманда ұлттық идея  мәселесі    барлық   мемлекеттер  үшін  маңызды орынға шықты. Бұл туралы Қазақстан  Республикасының  Президенті Н. Ә. Назарбаев  өзінің  «Қазақстан жолы -2050:  Бір  мақсат, бір  мүдде,  бір болашақ»  атты  Қазақстан халқына  Жолдауында:  «Мен қоғамда:  «Қазақ  елінің ұлттық  идеясы  қандай болу  керек?»  деген сауал  жиі  талқыға түсетінін  көріп  жүрміз. Біз  үшін  болашағымызға бағдар  ететін,  ұлтты ұйыстырып,  ұлттық  мақсаттарға жетелейтін  идея  бар. Ол- «Мәңгілік  Ел» идеясы  деген  болатын.

        Жалпы,  «Мәңгілік Ел»  идеясының  үш негізден  немесе  үш тұғырдан  тұратыны  анық. Оны Елбасы Қазақстан халқына жария  еткен  2015 жылға  арналған  Жолдауында айқын  көрсетіп  берді: «Біздің  жалпы  ұлттық идеямыз – Мәңгілік  елді  басты бағдар  етіп,  тәуелсіздігіміздің  даму даңғылын  Нұрлы  Жолға айналдырдық.  Мәңгілік  Ел – елдің біріктіруші  күші,  ешқашан таусылмас  қуат  көзі. Ол «Қазақстан - 2050» Стратегиясының  ғана  емес, ХХІ  ғасырдағы  Қазақстан мемлекетінің  мызғымес  идеялық тұғыры».  Сонымен  қатар «Мәңгілік  Ел»  идеясында Н. Ә.  Назарбаев  басты  жеті  құндылықты  да атап  көрсетті. Бұл ұлттың ұлт ретінде  болашаққа қадам басуына ықпал жасайтын басты қағида іспеттес.

     Елбасының  осы бір Жолдауына тоқталар болсам, біріншіден,  бұл – Қазақстанның  тәуелсіздігі және  Астанасы. Тәуелсіздік  дегеніміз –. Бейбітшілік сүйгіш елдің  аңсарлы азаттығы,  елшілдік, ұлттық  санасы, тарихы  мен  қоса, рухани  құндылықтары,  елдің егемендігі,  халықтың  бостандығы, сана  еркіндігінің  рухы. Бұл бірнеше  ғасырлар  бойы халықтың  армандаған  қасиетті ұғымы. Арман  болып  жеткен тәуелсіздігімізді,  ендігі  жерде сақтап  қалу  біздің халқымыздың  ең  қасиетті борышы.Қандай да бір азғындық әрекеттерден елімізді сақтау-нағыз азаматтарға жүктеледі.

       Екіншіден, қоғамымыздағы  ұлттық бірлік,  бейбітшілік  пен келісім құндылығы  біз үшін ерекше. Себебі, біздің  халқымыз – өзгеге  қысым көрсетпек  түгіл, жылағанды жұбататын, жетімді жебеп, жесірдің көз жасын сүртетін,   көмекке мұқтаж  кез-келген  ұлттың өкілін  бауырына  баса білген  дана,  мейірімді халық.Сондай-ақ, қатер төнген  сәттерде  бірігіп, ұйымдаса  білуінің,  басқа халықтармен  бейбітшілік,  келісім мен  тату  көршілік жағдайында  тұруға  деген ынта- ықыласының  арқасында  ол тарих  тасқынының  астында қалып  қоймай,  өзінің дербестігін,  тәуелсіздігін  сақтап, мемлекеттігін  қалпына  келтіре алғандығы  тарихтан  баршаға аян. Бүгінгі бсаты  мақсатымыз – тату – тәтті  ынтымағы  жарасқан көп  ұлтты  халқымыздың тыныштығы  мен  көркейіп өсуі.   

      Үшіншіден, ғасырлар  бойы басқыншылық – шапқыншылық, соғыстарға,  отарлау  езгісіне, әдейі  ұйымдастырылған  ашаршылық пен  босқыншылықтарға,  саяси қуғын – сүргіндерге  және  тағы басқа  озбырлықтарға  ұшыраса да,  бүгінге  дейін негізгі  халықтық – ұлттық  ділін сақтаған  қазақ  ұрпақтарының ұлттық  рухта  тәрбиеленуі – аса  зәру мәселе  екендігі  айқын сезіледі.Мәңгілік  ел  болу үшін  ұлттың  рухын асқақтатып,  тілін,  дінін, тарихын,   әдебиеті  мен мәдениетін  яғни  ұлттық құндылықтарын  жете  зерттеп, насихаттау  міндеті  тұр. Туған ананы қалай сүю керек болса, туған тілді, дінді, тарихты, мәдениетті  де солай сүю қажет.

   Елбасы  төртінші құндылық,  бұл – индустрияландыру  мен  инновацияларға  негізделген экономикалық  өсім  екендігіне тоқтала  отырып,  әрбір қазақстандықтардың  әл – ауқатының  жақсарып  дамыған отыз  елдің  қатарына қосылудың  бірден – бір  сара жолын  анықтап  берді.Бұл тұрғыда тіпті, кішткентай ауылымыздың өзінде мемлекете таратпынан қолдау алып, шаруашылығын  дөңгелетіп отырған жандарды көріп отырмыз. Бұны Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасы деуге болады.

     Бесіншіден, Жалпыға  Ортақ Еңбек  Қоғамы. Жалпыға  Ортақ Еңбек  Қоғамы Елбасының  қазақстандық қоғамның  бүгінгі,  жаңа заманғы  бейнесі  деуге болады. Президент  Н.  Ә. Назарбаевтың  жаңғырту  үрдістерінің табыстылығын  жүзеге  асыратын басты  қағидалардың  бірі ынталандыру. Адал  еңбекке  ынталандырудың  жолын табу,  еңбек  табыстарын қоғамдық   ынталандырудың  жүйесін құру  Қазақстандағы  әлеуметтік жаңғыртудың  аса маңызды  әселелерінің бірі. Бұл  рейтинг  жүйесі. Әркім атқарған  еңбегіне  орай және  көрсеткен  нәтижесіне қарай  бағалануы  заңдылық. Адал  еңбек еткен  ғана  бақытты болмақ.Алдағы уақытта  бұл тұрғыда  ұстаздардың да еңбегі олардың  шынайылығы мен оқушылар тарапынан сұранысқа ие болуына байланысты болмақ.Бұл мұғалімдердің ізденуіне, шығармашылықпен  жұмыс жасауына ықпал етеді деп ойлаймын.

    Алтыншыдан,  бұл – тарихтың,  мәдениет пен  тілдің  ортақтығы;

«Шындығында, өз  елінің  тарихын, философиясын  білу,  ұлттық құндылықтарын  зерттеу,  солар арқылы  ұлттық  идеологияны қалыптастыру,  жас  ұрпақты ұлттық  рухта  тәрбиелеу,  оны ұрпақ  санасына  сіңіру елдің,  ердің  басты мұраты. Сол мұратты жүзеге асыру жолында ұстаздарға қойылар талап шексіз болмақ. Бұл Мәңгілік Ел идеясын бойына сіңірген жас ұрпақ тәрбиелеу идеясы.

    Жетінші  құндылық, бұл – еліміздің  ұлттық  қауіпсіздігі және  бүкіләлемдік,  өңірлік мәселелерді  шешуге  жаһандық тұрғыдан  қатысуы. Ал жаһандық деңгейге жету үшін білімі мен тәжірибесі тең шәкірт өсіру міндеті тұр. Осы міндетті абыройлы атқаруға бар күш-жігерімізді аянбай салуымыз қажет.

    Қорыта айтқанда,  ел  ертеңі көреген  басшы  мен кемеңгер  халқының  негізінде болмақ. Ел болашағы үшін елеңдеп, ертеңі үшін алаңдаған Елбасының идеясына қолдау көрсетіп,  Мәңгілік Ел  болмақ керек! Елбасымыздың  «Мәңгілік ел»  идеясы  өзінен бұрын  өткен  бабалар реформасы  мен  мақсаты бір  болғанымен  мағынасы мен  жүйесі  жағынан зор  айырмашылық  жасайды.Бабаларымыз  халқын ауызбіршілікпен  алға  бастырып, әдет – ғұрпымен  руханиятын  шыңдап, заңдарымен  ел  бүтіндігін жер  амандығын  қорғап отырса,  Елбасымыз  сындарлы саясатымен  өз  халқын дамыған  елдердің  қатарына қосып,  басқа  елдермен терезесін  тең  етіп, бақытты  да  шат – шадыман тірлікке  жеткізу,  бұл дегеніміз  бабалар  арманымен мақсаты  мен  маңызы бір,  мәні  мен жүйесі  бөлек  іс.

     Ел ертеңі жолында  аянбай еңбек етіп, келешегімізді сеніп қолына тапсырар аптал азамат өсіріп шығару-әрбір ұстаздың басты міндеті. Ендеше, осы міндетті дұрыс атқаруға барша Қазақстандық ұстаздарды шақырамын!