Сабақ жоспары » Жамбыл аудандық мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Мыңбаев ауылындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72770) 64-2-83
Есепші бөлімі:
+7(72770) 64-2-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
ноябрь
2020

Сабақ жоспары

  <!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml] --> <!-- [endif] -->

Алматы облысы Жамбыл ауданы «Мыңбаев ауылындағы орта мектеп КММ»                                    

Мұғалімнің аты-жөні:  Уразова Гулсин Алдабергеновна

 

Пәні: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Сынып:  8                              Қатысқандар:                       

                                                 Қатыспағандар:                                                     

Сабақ тақырыбы

Д.Исабеков. «Әпке» драмасының  идеясы

 

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

Т/Ж.2.Әдеби шығарманың  идеясы мен  пафосын ұлттық  мүдде  тұрғысынан  ашу.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:  Әдеби шығарманың идеясы мен  пафосын ұлттық  мүдде  тұрғысынан ашады;

Оқушылардың басым көпшілігі:  Әдеби шығарманың идеясы мен  пафосын ұлттық  мүдде  тұрғысынан ашады; шығармадағы  іс-әрекетке өзіндік көзқарас білдіреді.

Кейбір оқушылар:  Әдеби  шығарманы  өмірмен байланыстырады, салыстырады.

Бағалау критерийлері:

 Әдеби шығарманың  идеясы мен  пафосын  ұлттық  мүдде  тұрғысынан ашады;

 

Тілдік мақсаттар

Идея, пафос-грек сөзі, сезім, құмарлық, құлшыныс, құштарлық,асқақтық, қуатты  сезім мен терең  шабыт мағынасында қолданылған, бейне, келбет, заман шындығы, сезімталдық, бауырмалдық, жауапкершілік.

Құндылықтар-

ға баулу

  Мәңгіләк Ел идеясы:Тарихтың, мәдениет пен  тілдің ортақтығы. Оқушылардың бойында туған-туысқанға деген  сыйластық  сезімін ұлғайтып, отбасылық қарым-қатынасты   нығайту.

АКТ-ны қолдану

Бейнебаян, спектакльден  үзінді

Пәнаралық  байланыс

 Өзін-өзі тану.

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Д.Исабековтың «Әпке» драмасының  заман шындығының бір бейнесі екендігін  біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

Топқа бөлу:

Үзіліс уақытында топқа  бөліп алу.

1-топ.  Қамажай

2-топ. Омар

3-топ. Нәзила

4-топ.Ермек.

 

     /5 минут/

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7  минут

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім:

Сәлеметсіздер ме, балалар!

  Бүгін  сіздермен  бірге жұмыс  жасайтындығыма қуаныштымын,  сіздердің  бүгінге  дейін  алған  білімдеріңізді іскерлікпен  жүзеге  асыра  алатындықтарыңызға  сенімім  мол,  сондықтан  бүгінгі сабақта  сіздерге  сәттілік  тілеймін!

     Балалар,  қазір  бейнебаянға  мұқият  зер  сала  тыңдап отырсаңыздар.

 

Бейнебаян  тыңдайды.

«Қандай  жақсы»  атты  бейнебаян. Бейнебаяннан қандай  ой  түйгендіктері  туралы  оқушылар өз пікірлерін айтады.

Мұғалім:  Балалар,  кімнің  әпкесі  бар,  сіз  үшін  әпке  қандай  адам?

Ия,  әпке  үнемі  қамқоршың,  көмек  қолын  созар қорғаның, үйретушің  десек,  қателеспейтін  сияқтымыз.

 

  Ендеше  үй тапсырмасын  тексеру  үшін  тест тапсырмасын  орындайық. (Жұптық жұмыс).

 

ТЕСТ  сұрақтары:

1.»Мен сені үш күн бойы күттім. Адамды  осылай  қорлауға бола ма? Балалар оянып кетеді  деп  телефон соқтырмайтын  өзің...» Үзінді  кімнің сөзі?

А) Қамажайдың

Б) Қабеннің

С)Тимурдың.

2.Күнжара  деген....

А) Жұқа,  бағалы  кездеме  мата.

Б) Майлы  дақылдардың  майын  алғаннан  кейінгі  мал  азығы  ретінде  пайдаланылатын  қалдығы.

С)  Таңдаулы  тағам, жеңсік  ас.

3. Қазақ  қызының  бауырмалдық  ниеті  мен пейілінің  символы  болған....

А) Нәзила.

Б)  Гаухар

С) Қамажай

4.Аяқ астынан пайда  болған әкеге  қарсы  болып,  кетуін талап еткен.....

А) Тимур

Б) Омар

С) Сұлтан

5.Көп  нүктенің  орнындағы  сөз.

Таба  алмай  жүрген  асыңның

.......      жегенін  көресің.

Ретсіз   бөлген   дүниенің,

Айтшы,   Құдай,  төресін.

А)  Жау

Б)  Ит

С)  Дос.

6. «ХХ  ғасыр - ғылымыи - техникалық  прогрестің ғасыры ғана емес, субъективті пікірдің  ғасыры». Кімнің  сөзі?

А) Светлана

Б) Кәмила

С) Нәзила.

7. «Отбасы –кішігірім мемлекет. оны  басқару үшін  жалғыз махаббат жеткіліксіз. Отбасы  басшысының  бойында  ұстамдылық, көрегендік, кешірімділік, мейірбандық сияқты  компоненттер жинақталуы  тиіс. Оған  қосымша отбасы  басшысы нәзік дипломат болғаны да  жөн». Пікірдің  авторы кім?

А) Тимур

Похожие публикации:

18 июнь 2020 сабақ жоспары
01 апрель 2019 Хаттама