Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

сабақ жоспары

Автор: admin от 18-06-2020, 01:29, посмотрело: 303

0

  Мектеп   Мыңбаев орта мектебі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Сабақ тақырыбы: Жасөспірім және Заң

Күні: 05.03.2020 ж

Мұғалім: Абубакирова Ботакоз Жигалиевна

Сынып 8 сынып

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы: Жасөспірім және Заң

8.2.3.1 – мақала, аннотация, презентация, құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату

8.4.4.4. – жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолданады.

 

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: мақала, аннотация, презентация, құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажыратады; жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолданады.

Басым көпшілігі: мақала, аннотация, презентация, құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ескеріп  қолданады, түсіндіреді, дәлелдейді; жай сөйлемдерді бір-бірінен ажыратады;

Кейбірі:  шығармашылық жұмыстар жасайды сұхбатта өз ойын  еркін жеткізеді,өмірмен байланыс жасайды; ойды білдіруде жай сөйлемнің түрлерін қатар қолданады;

Бағалау критерийі

- мақала, аннотация, презентация, құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырата алады;

 

-жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолдана алады;

 

-мақала, аннотация, презентация, құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ескеріп қолданады, түсіндіреді, дәлелдей алады;

 

шығармашылық жұмыстар жасай алады, сұхбатта өз ойын  еркін жеткізеді,өмірмен байланыс жасай алады;

-Ақпараттарды іріктей алады;

-Ізденушілік жұмыстарын жүргізе алады;

Тілдік мақсаттар

 

 

 

 

 

 

 

Тілдік дағдылар:

Арнайы пәндік лексика мен терминология:  қылмыс жасаған жасөспірімдер, заңды өкіл, әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік, бас бостандығын шектеу, кәмелетке толмаған балалар, айыппұл, әкімшілік жауапкершілік, айлық есептік көрсеткіш, әкімшілік қамау.

 

Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер мен  фразалар:

біздің пікірімізше, қарсылық білдіремін, ... деп ойлаймын, бұл пікірмен келісемін/келіспеймін.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Жасөспірімдердің жасаған қылмысы үшін ата-анасын жазалағаны қаншалықты дұрыс?

Құндылықтарды дарыту

Зайырлы қоғам және жоғары руханият

Пәнаралық байланыстар

Тарих, құқық

АКТ қолдану дағдылары

Бейнебаян, презентация, слаид

Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім

Уақытты қадірлеу-жасөспірім үшін заң екенін біледі

Саралау: Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай  міндет қоюды жоспарлайсыз?

 

 

 

 

 

Бағалау:Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін  тексеруді қалай жоспарлайсыз?

 

 

 

 

 

 

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

2 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық  дайындық.

Жаңа сабақ. «Болжау» әдісі арқылы тақырыпты ашу

 

https://ds02.infourok.ru/uploads/ex/120d/000716ec-0db0773e/img35.jpg                  https://ds04.infourok.ru/uploads/ex/0dc8/0000967f-dc4a3bcb/img9.jpg

«Қасым ханның қасқа жолы»         «Есім ханның ескі жолы»

 

https://cf.ppt-online.org/files/slide/h/hwIpL2YD8HAoMPqu4zd6EbGfcWgxnRQkNK7sF5/slide-4.jpg                       https://pbs.twimg.com/media/EDL1staXoAE8Hur.jpg        

Тәуке ханның «Жеті жарғысы»        ҚР Конституциясы

 

Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау

.2.3.1 – мақала, аннотация, презентация, құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату

8.4.4.4. – жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолданады.

 

Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде жасөспірімдер арасындағы тәртіпті күшейтіп, олар үшін мәдени шараларды кең деңгейде өткізу, олардың болашағына жағдай жасауды қолға алып отыр.

Сендер білесіңдер, «Бала құқығы туралы Конвенсияның» 1-бабында  18 жасқа дейін әрбір адам бала болып саналатындығы айтылған.

      Жасөспірімдердің қылмыстық әрекетке  баруына байланысты себеп не? Кім кінәлі? Қоршаған  орта ма? Әлде мектеп пе?

Құқықбұзушылық әрекеттерге қандай бала барады? Қылмыскер қайдан шығады? деген сұрақтарға бірге жауап іздейтін боламыз?

 

 

 

 

Призентация

сурет

 

 

Категория: Мектеп

 
 

Сценарий

Автор: admin от 9-03-2020, 09:50, посмотрело: 261

0


«Аяулы, асыл жандар!» атты 8 наурыз мерекесіне арналған сценарий

 

Аяулы да қымбатты аналар мен аруларымыздың мерекесі 8-наурызда мектеп  ұстаздарына арналған «Аяулы, асыл жандар!»атты кештің сценариі.

Күні : 6.03.2020 ж

Өткізілу орны: Мәжіліс  залы.

Мерекелік кештің басты мақсаты: Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау. Оқушылардың оларға деген ізгі ниеттерін көрсету.

Кештің көрнекілігі: зал гүлдермен безендіріледі,  суреттер, шар,  үнтаспа т.б

Кештің барысы: Қонақтарды кешке шақыру, оларды қарсы алу, тілек білдіру, өнер көрсету, құттықтау сөздер, қорытынды сөз, жалпы қорытынды жасау. Асылбек Еңсеповтың «Детство» күйі қосылып тұрады.

Хамит (сахнаның арғы жағынан айтады)

Анасыздар, әр үйге панасыздар,

 Бала десе от болып жанасыздар.

Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,

Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.

Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар

Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.

Маздататын, жүректе от лаулататын,

 

Азамат ( за ширмай)

Әр үйдің Күні десе,- лайықсыздар.

Өр десек те сіздерді, — лайықсыздар.

 Төр десек те сіздерді, — лайықсыздар.

Ер десек те сіздерді, — лайықсыздар.

Зор десек те сіздерді, — лайықсыздар.

 

Анасыздар, кең байтақ даласыздар.

Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.

 Көлеңке жоқ көңлінде, қылауы жоқ,

Үлбіреген жауқазын баласыздар.

 

Хамит:  Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,

Азамат: Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,

Хамит: Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,

Азамат: Сіздер — жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.

 

 Би жас мұғалімдер мен  балалары

 

Хамит:  Кеш жарық, қымбатты ұстаздар, аналар, арулар!

Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны- аналарға,әйелдер қауымына деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.

 Дима:Добрый день! Мы рады  приветствовать Вас в этот теплый весенний день в нашем уютном и красивом зале. Сегодня мы хотим поздравить с праздником весны наших учителей и всех женщин на свете. 8 марта – самый удивительный, самый нежный праздник весны.

Хамит: 

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай. (Сахнада Жасұланның орындауында ән!)
Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Аналардың мерекесін бастайық.
Көздеріңнен көрем шаттық арайын,
Өтсін солай әрбір күнің, әр айың, – дей келе құттықтау сөз кезегі мектеп директоры Ибраимова А.Ж беріледі.
Слова предоставляется директору нашей школы Ибраимовой Айман Жатыновне.

Дима:

8 Марта - день торжественный,

День радости и красоты,

На всей земле он дарит женщинам,

Свои улыбки и цветы!!!

8 марта – день особый
День радости и красоты.
И мы сегодня все готовы
Учителям дарить цветы
 

Хамит:

Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде, - дей отырып ортаға «Қарлығыш» би ансамбілін ортаға шақырамыз. Қарсыалыңыздар!
Хамит:

Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналардың,
Өнерлерін жолдайтын  баласы бар. 6 в  сынып оқушыларының  әдеби монтажы.

Дима:

В этот день 8 Марта

Мы хотим Вам все сказать,

Что такого педагога

Во всём мире не сыскать!

Мы Вас ценим, уважаем,

Благодарность выражаем

За заботу, за Ваш труд.

Вы для нас как лучший друг!-на сцене выступает для Вас Алиби с песней «МАМА»

 

Азамат:

Күн болмаса, кім ерітер мұздарды,

Ағашы жоқ таулар қандай ызғарлы.

Жігіттерге жақсы  сая болсын деп,

Әуелерден жаратыпты-ау қыздарды. Ортада 9 сынып оқушыларының көрінісі.

Асқар:

Құлақтан кіріп, бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй-демекші Абай атамыз Айсұлтан Раяна «Гүлмін» әнімен

 

Азамат: Қазақ музыкасының білгірі Ахмет Жұбанов домбыра туралы былай деген: "Кең даланы мекен еткен қазақ жұртының ең аяулы, қасиетті аспабы домбыра. Оның сымдай тартылған қос ішегінде сан ғасырдың қыл-ойы, көңіл- күйі жатыр." Қара домбыраны сермеп шертетін оқушыларымыздың орындауында «Ата Толғау»

Асқар: Сіздерге арнаған 3-ші сынып оқушыларының көрінісі бар екен, қошеметтеп ортаға шақырсақ.

Азамат:

Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту - арманым.
Барша ана, құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз. Ортада Хор

 

Асқар:Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Анасы жоқ балалар да аз емес. Олар ананың мейірімін, аялағанын ешқашан сезген емес. Ендеше, аналарымызды сыйлайық, аялайық құрметтейік!

Азамат:Осымен кешіміз өз сөңына келіп жетті! Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар!

              

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Мыңбаев ауылындағы орта мектеп» КММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Аяулы, асыл жандар!» атты 8 наурыз мерекесіне арналған сценарий

 

 

 

 

 

Дайындаған: Асилбекова Н.Т.

Шотаева Г.Ш.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                           2020 оқу жылы

 

 

Категория: Мектеп

 

Хаттама

Автор: admin от 1-04-2019, 10:13, посмотрело: 1109

0
[center]«Мыңбаев ауылындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен»коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қамкоршылық кеңесінің отырысының
№4 хаттамасы
Мыңбаев орта мектебі 28.02.19ж
Қатысқандар: 18 қамқоршылық кеңесінің мүшелері, мектеп директоры А.Ж. Ибраимова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Ж. Тарбаева.
Қатыспағаны: 1 себепті, жұмыста
Күн тәртібінде:
1Мектеп кітапханасының жағдайы (жауапты кітапханашы- Ұ.Жаутикбаева)
2 «Қамқорлық» қайырымдылық акциясының қорытындысы (жауапты әлеуметтік педагог- Н. Ибраимова)
3 Аз қамтылған оқушылардың бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылуы (жауапты әлеуметтік педагог- Н. Ибраимова)
Тыңдалды: Бірінші сұрақ бойынша мектеп кітапханашысы Ұ. Жаутикбаева өз сөзінде: мектеп кітапханасында 2018-2019 оқу жылында жалпы кітап қоры -40736 дана оның ішінде оқулықтар саны - 21573 дана, көркем кітап саны - 19163дана бар.
Оқырман саны – 950, кітапханаға келу саны – 12177, кітап беру саны - 18783. Мектеп кітапханасында ағымдығы құжаттар 01-97 ден 01-107 аралығында белгіленген. Осы құжаттар күнделікті толтырылып, жаңартылып отырылады. Кітапхананың жылдық жоспары, кітапхана күнделігі, жылдық есеп беруі, қордың қозғалысы, кітап қорынан кітаптарды есептен шығару, оқырман формуляр карточкалары, оқырмандарды тіркеу журналдары, өткізілетін іс-шаралар хаттамалары, айлық жоспары т.б. жылдық жоспардағы көрсетілген іс-шаралар өз уақытында өткізіледі, хаттамалары толтырылған. Олардың сақталу мерзімі көрсетілген.
Кітапхананың жылдық жоспарына сараптама жасалып, жылма –жыл өзгеріс енгізіледі.
Жаңа оқу жылында «жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша 2,3, 5, 7,8 сыныптарға аудандық оқу бөлімінен сұраныс беру арқылы - 8782 дана оқулық алынып таратылған. Осы сыныптар 100% қамтылды. Таратылған оқулықтардың дұрыс сақталуын қадағалау мақсатында оқулық тексерісі ай сайын жүргізіледі, арнайы журналға баға қою арқылы бағаланған. 1-4 сыныптарда ескерту жасалмаған, 5-10 сыныптарда ескерту жасалған балалардың аты –жөні көрсетілген. Сынып жетекшілермен жұмыс жұргізіледі, 1-4 сынып, 5-11сынып оқушылырын оқулықты дұрыс сақтау туралы мониторингі жасалған. Оқулық тексерісі кезінде үнемі ескерту алатын оқушылыр: Шаймардан Мақсат 5 «б» сын, Серікбай Ақерке 5 «ә» , Мейірхан Дулат 5 «ә» Крутова Мария 5 «в» Байбакова Оля-7в, Кәдраш Айбол -9 «а».
Кітап көрмелері үнемі жаңартылып отырылады. «Әлем таныған Қазақстан» , « Елбасының Болашаққа бағдар –рухани жаңғыру бағдарламасы бойынша «Туған жер», «Латын әліпбиі-келешектің кілті «Парасатты азамат» тақырыптары бойынша тұрақты көрмелерді ұйымдастырған.

Сөйледі: Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Г.Қ. Рамазанова өз сөзінде: Жылдан жылға оқушылар саны мектепте көбейіп жатыр келесі оқу жылына оқулықтар жеткілі ме? Оқушылармен ата-аналар киналмай ма?
Сөйледі: кітапханашы: Келесі оқу жылына оқулықтар жеткілі, аудандық білім бөліміне сұраныс берілді.


Тыңдалды: Мектептің әлеуметтік педагогы Н. Ибраимова өз сөзінде: Білім бөлімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ағымдағы жылдың 10 қаңтарындағы № 6-15-3/и(173) хатына сәйкес 2019 жылғы 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында «Қамқорлық» дәстүрлі республикалық акциясы өткізілді.
Акцияның мақсаты: әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы балаларына және басқа санаттағы балаларға қайырымдылық жасау жұмыстары ұйымдастырылып өткізілді.
Мектебімізде «Қамқорлық» акциясын өткізу туралы бұйрық шығарылып, жоспар құрылды, акцияны ұйымдастыру комитетінің құрамы бекітілді. Әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы балаларына және басқа санаттағы балаларға қайырымдылық жасау.
Аталған іс-шараға Мыңбаев ауылындағы орта мектеп ұжымы және ата-аналар түгелдей атсалысып, әлеуметтік жағдайы төмен, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсетіп, жан жүректерінің жылуымен бөлісті.
Аз қамтылған, көп балалы отбасы балаларына спорт киімдерін, қыстық куртка, полувер, жеңіл күртешелер берілді. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына бюджеттен тыс 262000 теңге сомасында көмек берілді. Олардың тізімі жасалған, бар.
Сынып өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі А.Алашбаеваның ұйымдастыруымен 4 а, 4ә, 4 б сынып оқушылар арасында «Жақсылық жасауға асығайық» атты сынып сағаты өткізілді, және 4 в сынып оқушыларына А.Аблязова «Твори добро» тақырыбында сынып сағатын өткізді. 5-11 сыныптар арасында «Жақсылық жасауға» асығайық атты сурет салу сайысы жүргізілді.
1 сынып пен 8 сыныптар аралығына киім-кешек, мектеп оқу- құралдарымен, азық-түлікпен көмектер көрсетілді.

Сөйледі: Қамқоршылық кеңесінің төрағасы
Б.Ж. Оспанова: «Қамқорлық» акцияны өткізгенде қандай қиыншылықтар тұды?
Н. Ибраимова : Қиыншылықтар жоқ емес болды, ол демеуші іздеу, балалар қөмекті алуға қиналады, ұй алады.

Тыңдалды: : Мектептің әлеуметтік педагогы Н. Ибраимова өз сөзінде: 2018 о.ж. жалпы оқу қорынан 26 оқушы ыстық тамақпен қамтылған, 2019ж. қаңтар айынан 32 оқушы асханадан тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. 32 баланың ішінде 6-ты оқушы аз қамтылған отбасынан, қалғаны жетім, көпбалалы толық емес отбасынан шыққан оқушылар. Бастауыш сыныптан -21 оқушы , жоғары сыныптан -11 оқушы. Әр бала күніне -300 теңгеге тамақтанады. Мысалы наурыз айында балалар 124800 теңгеге бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылды.
Арендатор Г. Назарбаева есебінен 6 оқушы бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылған.
Шешімі:
1. Кітапханашылар сыныптан тыс іс-шараларды (оқырмандар конференция, жазушылармен кездесу т.б.) көбірек жүргізсін
2. Кітапханашылар оқулықтарды тексеріп, нәтижесін оқушылардың алдында саптүзеуде, әр сынып бойынша мониторинг шығарсын.
3. «Қамқорлық» дәстүрлі республикалық акциясы жақсы нәтиже көрсетті, әлі жұмыс тоқталмай қалған балаларды қамту керек.
4 Балалардың уақытылы толық кесте бойынша ыстық тамақпен, тамақтануын қадағалау

«Қамқоршылық кеңесінің » төрағасы: Б.Ж. Оспанова
«Қамқоршылық кеңесінің » мүшелері: Д.Б. Баяманов
Б.И. Мусабаев
Г.К. Рамазанова
Н. Салимбаева
З. Сыйхымбаева
А.Т. Альпиева
М. Құдас
И. Нұғманова
А. Абеуова
А. Муқажанова
Қ. Кенженбаева
А.Дауырбаева
З. Тутадзе
Д. Кожабергенова
А. Жумагулова
Т.Додух
Ж. Шаймерденова
Г. Еңсебаева

Хатшы: С.Ж. Тарбаева
[/center]

Категория: Мектеп

 

Облыстық Махамбет окулары

Автор: admin от 25-04-2017, 03:42, посмотрело: 992

0 Облыстық Махамбет окуларына 10а сынып окушысы Мұсахан Нұржан қатысып, "Алғыс хатпен" марапатталды. Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Уразова Гүлсім Алдабергеновна

Категория: Оқушыларға

 

Мектеп оқушыларының ережелері

Автор: admin от 25-04-2017, 03:28, посмотрело: 677

0

Категория: Оқушыларға

 
Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine
 
yandex.ru