БАвторлық бағдарлама «Сандар логикасы» Авторлық бағдарлама авторы: Ибраимова А.Ж » Жамбыл аудандық мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Мыңбаев ауылындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72770) 64-2-83
Есепші бөлімі:
+7(72770) 64-2-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » БАвторлық бағдарлама «Сандар логикасы» Авторлық бағдарлама авторы: Ибраимова А.Ж
12
январь
2021

БАвторлық бағдарлама «Сандар логикасы» Авторлық бағдарлама авторы: Ибраимова А.Ж

Математика пәні бойынша «Сандар логикасы»  курсының бағдарламасы

 

 

 

Түсінік хат

 

Қазіргі кезеңде ғылым мен техниканың даму қарқыны  әрбір оқушыға орта мектепте оқытылатын негізгі пәндерді сапалы  оқытумен қатар  олардың осы бастан  өмірде кездесетін ситуациялық есептерді  шеше білуге, сыни тұрғыдан ойлау арқылы шығармашылық ізденіске дағдыландыруды талап етеді. Осыған байланысты орта білім беруде ұйымдастыру принциптерін және ондағы оқушының ролін білім, білік және  дағдыны  баяу меңгерушісінен  білім беру ісінің белсенді субьектісіне өзгерту жоспарланған. Оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуына, ой еңбегімен айналысып, ми жұмысының  қызметін жетілдіруде математика пәні мен оның бөлім, бөлімше тақырыптарының мән-мазмұнын түсініп, алған білімін өмірде  қолдана білуге  үйрету математика пәні мұғалімінің басты міндеті болып табылады. Ал математиканы бағдарламасының  басым бөлігі есеп, жаттығу, әртүрлі деңгейдегі  қолданбалы бағыттағы  тапсырмалардан тұрады және  есеп-жаттығулардың  мән мазмұнын түсініп, шығару алгоритімін көз алдарына елестетіп, математикалық моделін құру және  оны шешу, шығару  оқушыларға қиындық туғызады. Мұғалім де  осы мақсатқа қол жеткізу үшін көп уақытын жұмсайды.

Математиканың негізі  сандар теориясында  жатқандығы белгілі. Оқушылар дер кезінде сандар теориясына  қатысты ақпараттарды жете түсініп, оған  қатысты есеп-жаттығуларды орындай алса, ары қарай математиканы тереңірек түсініп, күрделі тақырыптарды  да оңай игеруіне жол ашылады. Бірақ математиканы оқытуда оны құрғақ, оқушыларға  тартымсыз сипатта емес керісінше математикаға қызығушылықтарын арттыруға және шығармашылық іс-әрекеті мен  іздемпаздық дағдыларын қалыптастыру,сыни тұрғыдан ойлау қаблеттерін жетілдіру мақсатында әртүрлі  мазмұндағы, тұрпаттағы логикалық  тапсырмаларды сабақтастыра, тақырыптармен  байланыстыра оқып-үйретілуі керек.

Логикалық ойлау дегеніміз, ең бастысы, тұжырым жасау, дәлелдеу, фактілер, аргументтер таңдау және шешілу жолын нақтылау. Логикалық ойлау – яғни дәл ойлау және өз тұжырымдарына қарама-қайшылықтарды анықтау,түйінді мәселені айқындай алу, логикалық қателіктерді табу. Логикалық есептер тек қана логиканы ғана дамытпайды, сондай-ақ математикалық және алгоритмдік ойлауды дамытады

Логиканың  қиын,күрделі тапсырмаларын назардан тыс қалдырмай керісінше    математикалық үйірме сабақтарында, факультативтік сабақтарда  арнайы курс ретінде  оқып- үйреткен орынды .Математиканың  сан қилы бағыттарын, өмірдегі қолданысының мән-мазмұнын ашып көрсететуде  логикалық есеп-жаттығулар оның ішінде сандық логика математиканы оқыту процессін жетілдіруде маңызды роль атқарады. Алайда орта мектеп  бағдарламасында логикаға  қатысты тапсырмалар ішінара кіріктірілгенімен олар жүйелі түрде ерекше обьект ретінде қарастырылмаған.Бұл мәселені шешуде логикалық есеп-жаттығуларды  мазмұны бойынша зерттеу  олардың жалпы қасиеттерін айқындау, және оларды жүйелеу олардың қиындық дәрежесін анықтайтын әдіс-тәсілдерді анықтау, жинақтау, тиімділігін саралау мақсатында  «Сандық логика» курсы бағдарламмасы  әзірленілді. Бағдарламма мақсаты – математикадан міндетті оқу бағдарламасына кірмейтін, бірақ халықарлық  PIZA TIMSS зеттеулері мен  Республикалық Мемлекеттік аралық бақылау сынақтарында  жиі кездесетін  есеп-жаттығулар мен тапсырмаларды  шешу әдіс-тәсілдерін оқ-үйрету.. Курс мазмұнына  логикалық есеп-жаттығулардың сандар теориясына  қатысты  бөлімі бойынша тапсырмалар кіргізілген. Тапсырмалар қарапайым  ойша  есептейтін логикалық  есептерден бастап  әртүрлі  тұрпаттағы, мазмұндағы, қиындық деңгейдегі есептер және   оқушылардың  жас ерекшеліктері мен қаблеттерін ескере отырып тақырыптарға  топтастырылған 

                                               

Білімділік мақсаты :

Оқушылардың  математикалық сауатылығын тереңдету, логикалық ойлау қаблеттерін қалыптастыру, ақыл-ойын кеңейту .       

<!-- [if !supportLists] --> ·        <!-- [endif] --> Дамытушылық мақсаты :

Логикалық есептерді  шешу тәсілдерін  оқып-үйрену  арқылы анализ, синтез жасау, жалпылауын дамыту, жүйелі ойлауға, ой қорытуға, қортынды жасауға дағдыландыру  .

<!-- [if !supportLists] --> ·        <!-- [endif] --> Тәрбиелік мақсаты :

Математикаға қызығушылығын ояту, танымын кеңейту, ой-өрісін дамыту, сабақ барысында табандылыққа,  нақтылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу .

 

Курс міндеттері :

 

1.Қарапайым сандық логикалық есеп- жаттығулардан  бастап  әртүрлі қиындық, күрделілік деңгейдегі тапсырмалар түрлерімен  таныстыру.

2.Салыстыру, заңдылықты  анықтау, көз алдына елестету, сұрыптау, саралау, ой қорыту, тұжырымдама жасау т.с.с. дағдыларды жетілдіру.

3.Әртүрлі логикалық есептерді шешу жолдары мен тәсілдерін меңгерту.                4.Нақты жағдайлардың моделін жасау .

5.Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, ой еңбегімен жұмыс жасауға дағдыландыру, пәнге қызығушылығын арттыру.

6.Оқушыларды халықаралық, Республикалық  бақылау сынақтары тапсырмалар үлгілерімен таныстыру .

7.Математиканың өмірмен байланысын ашып көрсету оқу материалдарымен байланыстыра отырып  оқушылардың біліктіліктерін арттыру

8.Өздіктерінен  логикалық есеп-жаттығуларды  шеше білуге баулу.

 

Талаптар.

Математика бөлімдері бойынша тереңірек білім беру арқылы оқушылардың математикалық, логикалық және сыни тұрғыдан ойлау  дағдыларын  жетілдіру.

 

Күтілетін нәтиже :

<!-- [if !supportLists] --> ·        <!-- [endif] --> «Сандық логика» есеп - жаттығуларының  мән-мазмұнын  түсіну, түрлерін, тұрпаттарын ажырата алу .

<!-- [if !supportLists] --> ·        <!-- [endif] --> Стандартты  және стандартты емес логикалық есептерді шешудің негізгі тәсілдерін игеру .

<!-- [if !supportLists] --> ·        <!-- [endif] --> Математиканың өмірмен байланысын  анықтай алу және ситуациялық  жағдаяттардан шығу жолын жүйелей білу.

<!-- [if !supportLists] --> ·        <!-- [endif] --> Стандартты емес есептерді шешуде зерттеу, салыстыру кейбір  тапсырмалардың жекелеген  әдістемелік ерекшеліктерін меңгеру.

<!-- [if !supportLists] --> ·        <!-- [endif] --> Берілген логикалық тапсырмаларды классификациялау  және қарапайым  есептер құрастыру, өзін -өзі тексеру, өзін-өзі бағалау

<!-- [if !supportLists] --> ·        <!-- [endif] -->  

 

Бағдарлама мазмұны

Күнтізбелік жоспар ( 34сағат , аптасына 1 рет  )

 

 

Сабақ тақырыбы

Сағат саны

1

Кіріспе сабақ. Сандар теориясындағы логиканың ролі

1

1.1

Логикалық есеп-жаттығулар түрлері мен шығару тәсілдеріне  әдістемелік  шолу

1

1.2

Математикалық жұмбақтардағы сандық логика

1

2

Санамақ таяқшалары  сіріңкелермен  берілген  логикалық  есеп-жаттығулар.

1

2.1

Бір таяқшаның орнын алмастыру арқылы теңдік алу

1

2.2

Бірнеше таяқшаның орындарын алмастыру арқылы  бір  жазық фигуралардан екінші  бір фигура алу

1

2.3

Сіріңкелермен  көрсетілетін  фокустар

1

2.4

Сіріңкелермен  берілген ойын тапсырмалары

1

3

Сандық ребустар

1

3.1

 Сандық тізбектегі   қатардағы  заңдылықты анықтау

1

3.2

Әртүрлі  әріптер, фигуралар мен кескіндер цифрлармен  тәуелділігін анықтау.

1

3.3

Тізбектей  берілген  көпбұрыштардағы орналастырылған  сандар өзара тәуелділігін анықтау.

1

3.4

Тақырыпқа  қатысты құрама  есеп-жаттығулар.

1

4

Сыйқырлы  жазық   фигуралар және санжұмбақтар

1

4.1

Сыйқырлы үшбұрыштар

1

4.2

Сыйқырлы шаршылар

1

4.3

Сыйқырлы  жұлдызшалар.

1

4.5

Тақырыпқа қатысты құрама есеп-жаттығулар.

1

5

Мәтін есептердегі сандық логика

1

5.1

Пайызға қатысты мәтін есептердегі сандық логика

1

3.2

Қозғалысқа  қатысты есептердегі сандық логика

1

5.3

Жұмысқа қатысты  есептердегі  сандық логика

1

5.4

Қаржылық  есептердегі сандық логика

1

5.5

«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Дауыс береміз
Оцените наш школьный сайт